13.05.2016, 16:59
Оқылды: 38

«Ең үздік өндіруші»

Zelenov beles dyirmen   Таяуда «Бәйтерек» холдингісі мен «Даму» фондының ұйымдастыруымен Астана төрінде «Қазақстанда жасалған» атты форум мен көрме өткізілген еді.

    Көрмеге 300-ге жуық отандық компаниялар өз өнімдерін ұсынған екен. Еліміздің барлық өңірінен ұсынылған тауарлар ішінде ұн, сүт өнімдерімен қоса, жиһаз, киім, құрылыс заттары, техникалық құрылғылар да қойылған.


  Аталмыш көрмеге Зеленов ауданы Белес ауылында орналасқан «Белес-агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатысқан болатын.

    Сайып келгенде, олар Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің министірі Әсет Исекешевтің орта бизнестегі «Ең үздік өндіруші» грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» көрмесіне белсенді қатысқаны үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ басқарма төрағасы Қаныш Төлеушиннің атынан  дипломға ие болды.

www.zhaikpress.kz

Д.ҒҰМАР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале