23.08.2016, 17:11
Оқылды: 29

Е. Ахметовтің «Өнер деп атар әр таңым...» атты шығармашылық кеші өтеді

Үстіміздегі жылдың  24 тамыз  күні сағат 17.00-де облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық мәдениет және өнер орталығының   ұйымдастыруымен ақын, өнер жанашыры Ерікқали Ахметовтің «Өнер деп атар әр таңым...» атты шығармашылық кеші өтеді.                                                         zhpress (1)


Мақсаты:  ақынның шығармашылығын жұртшылыққа кеңінен таныстырып, өнерін насихаттау. Өнер жанашырының еңбегін дәріптеу, жас таланттарға үлгі қылу.

Шарада: Ерікқали Меңдібайұлы көрерменмен жүздесіп, шығармашылығы туралы қойылған сұрақтарға жауап береді. Ақынның сөзіне жазылған өңірімізге танымал композиторлардың әндері жергілікті әншілердің орындауында шырқалады. Сонымен қатар, жолын қуып жүрген ұлы мен қызы өнер көрсетеді.

Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайынов, ардагер журналист – Б.Қуатов, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын – А.Нәріков, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, режиссер – С.Қажымұратов, ҚР Мәдениет қызметкері, әнші-термеші – Қ.Бердіғалиев, ақындар: Ш.Қыдырниязова, Д.Мұштанова, ҚР Еңбек сіңірген артисі – С.Таудаева, ҚР Мәдениет саласының үздігі – С.Рахметжанов және тағы басқа зиялы қауым өкілдері.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале