22.05.2016, 20:13
Оқылды: 135

Жəнібектен 74 жыл жер астында жатқан бомба табылды

Screenshot_2016-05-23-06-38-26-1Оны бүгін "Батыссушар" РМК Жəнібек аудандық пайдалану учаскесінің басшысы Нұрлан Жүнісов бастаған аталмыш мекеменің қызметкерлері тапты.


 

Screenshot_2016-05-23-06-38-44-1Олар Тау ауылынан солтүстікке қарай 5 шақырым қашықтықта Жыра елді мекеніне канал суын жіберетін арнасына жөндеу жұмысын атқарып жатқанда, əуе бомбасына ұқсас затты көреді.
Аталмыш заттың салмағы елу килограмм шамасы, ұзындығы - 89 см, диаметрі - 15 см. Бомбаға ұқсас зат канал суы ішінде көп жатып қалған болар, əбден тат басқан. Жазу көрінбейді. Сонымен қатар "ауыр зеңбірек снаряды болуы мүмкін" деген болжам да бар. Алайда анық-қанығын арнайы мамандар айта жатар.
Айта кетейік, Сталинград майданының жақын тылы болған Жəнібек ауданынан бұған дейін де, дəлірек айтсақ, 2008 жылы жарылмаған əуе бомбасы табылып, Ақтөбе қаласынан арнайы мамандар келіп, залалсыздандырған болатын.

www.zhaikpress.kz

Ахмедияр Батырханов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале