8.08.2016, 17:09
Оқылды: 35

Облыстық деңгейде «Жайдарман» ойындары болып өтті

6 тамыз күні «Қазақстан КТК» одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалы - «Қаратөбе Жайдарман» лигасының ұйымдастыруымен облыстық деңгейдегі «Жазғы кубок - 2016»  «Жайдарман» ойындары болып өтті.jaidarman


             Шара Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын жастар арасында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілде «Жайдарман» ойындарының қозғалысын дамыту, талантты жастарға қолдау көрсету, жастардың ой-ұшқырлық қабілетін жандандыру, өңірлік жастар саясатының насихатталуына ықпал ету мақсатында оздырылды.

Ойынға Орал қаласынан «Ахмет қырандары» (№10 мектеп), «Біздің уақыт» (Сырым ауданы), «Бойжеткендер», «Күлкі аялдамасы» (Мұхит атындағы ОЖББМ), «Қаратөбе коледжі» командасы, «Вулкан» (Жусандыой ауылы), «Максимум» (Саралжын ауылдық округі), «Достар kz», «Қандыөзек» (Үшағаш ауылы) «Қаратөбе құрамасы» (Қаратөбе ауданы) барлығы 10 команда өнер көрсетті.

www.zhaikpress.kz

Райымбек А

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале