29.06.2015, 18:18
Оқылды: 28

Жазғы мектеп жұмысын бастады

ZH    Орал қаласындағы «Бивуак» туристік-экскурсиялық кешенінде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Жастар арасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» тақырыбындағы бір апталық жазғы мектеп өз жұмысын бастады.

Жазғы мектептің жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығы, ҚР Білім және ғылым мнистрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы қатысады. Семинарға ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің халықаралық сарапшысы, Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің профессоры Т. Дронзина шақырылған.

Тыңдаушылар ретінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жастар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілері, жастар этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, жастар ресурстық орталықтарының мамандары қатысады.

Жазғы мектеп шеңберінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген мемлекеттік этносаясаттың міндеттері, оны іске асырудағы жастардың рөлі түсіндіріледі. Ұлттық бірлік пен бірегейлікті қалыптастырудағы мемелекеттік жастар саясатының басымдылықтары және жастар арасындағы толеранттылықты қалыптастырудың қазіргі технологияларының мәні талқыланады. Сондай-ақ, этникалық топтардың мәдениетін сақтап қалу мен дамыту және Қазақстан халқының бірлігін күшейту жөніндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісу және пікір алмасу үшін пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.

Жазғы мектеп бағдарламасында мәдени-ағарту іс-шаралары да бар. Қала ішінде экскурсиялар, деректі фильмдер тамашалау, әдеби кештер және спорттық шаралар ұйымдастырылады.

www.zhaikpress.kz

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале