10.06.2015, 15:52
Оқылды: 43

Жаз қызығы лагерьде

lagerҚаратөбе ауданы әкімдігінің ағымдағы жылдың 29 мамырындағы №88 қаулысы және аудандық білім беру бөлімінің 22 мамырдағы №209 бұйрығы негізінде аудандық лагерьлер өз жұмыстарын бастады.

Аудандық білім беру бөлімі биыл оқушылардың  жазғы демалысын және  сауықтырылуын ауданның 18 мектеп жанындағы, 1 шатырлы, 1 стационарлық лагерде ұйымдастыруда.

Аудан бойынша 1-10 сыныпты 2380 оқушы аяқтады. Соның 2504-ін лагерлерге тарту   жоспарланды. Бұл барлық баланың  97 пайызын құрайды.

Шалқар көлі жағасындағы аудандық «Балдәурен» демалыс лагерінде 1 маусым мен 29 тамыз аралығында 10 кезеңде 250 баланы демалту жоспарлануда. Қазіргі таңда мектепішілік лагерьлердің бірінші кезеңінде 468 оқушы, «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің бірінші кезеңінде 25 оқушы демалуда.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер  саяхаты және экология орталығы ұйымдастыратын шатырлы лагерге 8-30 маусым аралығында 6 кезеңде  90 бала табиғат аясында жаз қызығын өткізеді деп күтілуде. «Жасыл желкен» шатырлы лагері 8 маусым күні өз жұмысын бастап, қазіргі таңда 15 бала лагердегі қызықты күндерін бастап кетті.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған және патронаттық тәрбиедегі 16 бала, оқу озаттары, аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары толықтай жазғы демалыс лагерлеріне тартылмақшы.

Барлық мектепішілік лагерьлердегі демалушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 4 млн 397890 теңге қаржы  қарастырылған. «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагеріне 1140 мың теңге, шатырлы лагерге 400 мың теңге қаржы қарастырылды.

Италия мемлекетіне демалуға оқуда және қоғамдық өмірде жақсы жетістікке жеткен,  Мұхит ОЖББМ 7 сынып оқушысы Райымбек Өтепов пен Қаракөл ЖОББМБ 7сынып оқушысы Алтынгүл Сәрсенованы жібермекші.

Жоспардан тыс «Евразия» және «Самал» лагерьлеріне оқушылар жолданады. Сонымен қатар тамыз айында 15 баланы Астана қаласына экскурсияға апару жоспарлануда.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

«Қаратөбе өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале