16.06.2016, 20:21
Оқылды: 25

Жаз қызықтары қыза түсті

araiБүлдіршіндердің уақыттарын бос өткізбеу мақсатында ұйымдастырылған «Арай» станционарлық туристік-сауықтыру лагерінің биылғы жазғы ауысымының салтанатты ашылуы әсем безендірілген аталмыш ғимарат алдында өтті.


Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева лагерьдің ашылуымен құттықтап, сәтті демалыс тіледі.  Бұл шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, Сайқын ауылдық округінің әкімі Бисенбек Насимоллин, аудандық білім бөлімінің басшысы Ержан Иманбаев, балалар және жасөспірімдер  туризмі орталығының директоры Кенжебек Құрмашев қатысты. Лагерьде оқушыларға туризм және салауатты өмір салтын насихаттау, демалыс уақыттарын қамтамасыз етумен қатар, туризм арқылы қазақ патриотын қалыптастыру жұмыстары да жүргізіледі.

www.zhaikpress.kz
Г.ТҰРСЫНТЕГІ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале