7.07.2016, 18:13
Оқылды: 43

Жайнай бер мәңгі елдің – Астанасы

????????????????????????????????????

  Жаңа әлемдегі еліміздің жарқын бейнесі саналатын бас шаһарымыз Астана күніне орай Зеленов ауданы орталығында «Жарқырап, жайнай берші, Астана» атты мерекелік шара оздырылды. Кештің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Кәрім Жақыпов: -Біздің астанамыз еуразиялық қала, ол әлемнің барлық тараптарының Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің мәдениеттерінің жай қосындысымен емес, солардың үйлесімімен, кірігуімен ерекшеленеді.


   Елордамыздың даму қарқыны басты мақсатымыз саналатын дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруге қол жеткізуімізге бағытталған қазақстандық реформалардың ауқымын, тереңдігін және озық сипатын бейнелейді. Астана – азаматтығымыздың символы. Еліміздің жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуымыздың, қол жеткен табыстарымыздың, береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі.

   Әр елдің болашақ тарихын айқындайтын кезең болады. Біздің еліміздің сондай кезеңі астанамыздың Сарыарқа төріне көшірілуі екендігін уақыт дәлелдеп берді.

    Баршаңызды осы бір тамаша  мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт-береке, Отанымызға гүлдену мен бейбітшілік тілеймін.

   Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі – Астанамыз асқақтай берсін,-деген тілегін білдіріп, ауданның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар сала қызметкерлеріне мақтау қағаздарын табыстады. Одан әрі салтанатты жиын аудан өнерпаздарының концертіне ұласты. Елордамызға арналған тамаша әндерді орындаған  Ақан мен Қалампыр Жекековтер, Гүлбаянсұлу Бақытжанова, Нұрдәулет Ғайноллин, Валентин Сажин сияқты әншілерді көрермендер ыстық ықыласпен қарсы алса, «Жезкиік» композициясын скрипкада орындаған Зульфия Бахметова мен «Достар» триосына да жиналған қауым қошеметін аямады. Бас шаһарымыздың туған күніне арналған тамаша концерт шымылдығы Артур Мерғалиевтің орындауынлағы «Қазақстан алға» әнімен жабылды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале