22.09.2016, 17:41
Оқылды: 24

"Жайықжылуқуат" АҚ борышкерлердің мүлкін тәркілейді

zhpress (1)"Жайықжылуқуат" АҚ-ның дебиторлық берешегі 1 қыркүйек күнгі есеппен алғанда 452,8 млн. теңге құрап отыр. Қаладағы 65 мың тұтынушының 9 мыңы кəсіпорынға қарыз. Олардың берешегі 15 мың теңгеден бастап, 900 мың теңгеге дейін жетіп жығылған. "Қолымызда борышкерлердің тізімі бар. Қазіргі кезде 4 жеке сот орындаушысымен келісімге отырдық, біз жағдайын жасаймыз, олар тек қана қарызды қайтарумен жұмыстанады. Қарыз көлеміне қарай, қолданыстаға заңнамаларға сəйкес, борышкерлердің жылжымайтын мүлкін тəркілей аламыз жəне жергілікті аймақтан шығуына тыйым сала аламыз", - деді "Жайықжылуқуат" АҚ-ның бас директоры Мұрат Иғалиев.
Оның айтуынша, жылыту жүйесін жөндеу жоспарға сəйкес толық аяқталған. Бұған кəсіпорын қаражатынан 295 млн. теңге жұмсалған. Нəтижесінде 8 499 км жылыту желісі ауыстырылған. Жоспар 108 пайызға орындалған.
"Жайықжылуқуат" АҚ Орал қаласындағы 1164 тұрғын үйді қысқы маусымда жылумен қамтамасыз етеді. Күні бүгінге ПИК-тер құрамына кіретін 804 үйдің 685-інің жылыту құбыры тазаланған, 34-іне дайындық құжаты берілген. ПИК құрамына кірмейтін 319 үйдің 64-інің жылыту жүйесіне шаю, тазалау жұмысы жүргізілген, 29 үйдің құжаты дайындалған.
Кəсіпорынның кредиторлық қарызы 471 миллион теңге шамасында. Соның ішінде, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-мен медиациялық келісім аясында көгілдір отын үшін 270 млн. теңгені қарашаның 1-іне дейін төлеп үлгеруі тиіс.
"Жыл ішінде "Көшпелі касса" акцияларын ұйымдастырдық. Борышкерлердің мекенжайына қызметкерлеріміз барып, мекемеге келмей-ақ, сол тұрғылықты жерде есеп айырысуды ұсынды. Акция барысында күніне 100 мың теңге көлемінде ғана төлем түсті. Бұл - біз үшін өте мардымсыз", - деді "Жайықжылуқуат" АҚ-ның бас директоры Мұрат Иғалиев.
Оның мəліметінше, ауа райының салқындауына байланысты тапсырыс түсірген 26 əлеуметтік нысанға жылыту жүйесін қосқан. Оның ішінде 16-сы мектепке дейінгі ұйым болса, 9-ы - оқу ғимараты, 4-уі денсаулық сақтау нысаны. Қалған мекемелерге жылу қазанның бірінен бастап берілмек.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале