24.07.2015, 15:56
Оқылды: 30

Жайықтың экологиясы -ортақ мәселе

Tarasenko Elena    Жайық өзенінің экожүйесін сақтау бойынша ҚР мен РФ Үкіметтері арасындағы келісімге қол қойылар күн жақын. Аталмыш құжат күшіне енсе, қазақстандық-ресейлік тұрақты әрекет етуші комиссия құрылып, ол өзенді ерекше қорғалатын табиғат аумағына жатқызу бағытында жұмыс істемекші.

Бұл туралы бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихаты кезінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Жайық - достық өзені» экспедициясының жетекшісі Елена Тарасенко мәлімдеді. «Иә, Жайық өзенінің экожүйесін сақтау бойынша келісім құжатын дайындау процесі ұзақ жүруде, - деді Елена Ивановна.

Жиын барысында сөз алған облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Айсұлу Әбдірахманованың айтуынша, өңірімізде Жайық өзенінің экологиясына қатысты бірқатар іс-шаралар қолға алынды.  Мәселен, өзен суының деңгейін көтеру жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме дайындалды. Бұл өзеннің табанын тазалау, бекіту жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермекші. Жалпы осы іс-шараларды Ресей аумағында орналасқан өзеннің бастау алатын тұсынан бастап жүргізген дұрыс. Егер тұрақты комиссия құрылса, ол бұл жұмыстардың сапалы түрде жүруіне оң ықпалын тигізері сөзсіз.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале