1.07.2015, 11:07
Оқылды: 44

«Жайық-Ет» ет өңдеу кешенінде» бүгінде 200-ден астам адам өздеріне тұрақты жұмыс тапқан

Oral Et    Сейсенбіде облыстық әкімдік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен тағы бір өндіріс орнында пресс-тур өтті. Жергілікті БАҚ өкілдерін, яғни біздерді «Агропродукт ЛТД» ЖК директоры Асан Сұлтанғалиев  ұзын дәліздің бойында қаз-қатар орналасқан цехтарға бастап апарды.

Кәсіпорын басшысының сөзінше, тауық етінен де дәмді шұжық дайындауға болады. Өңірімізде тауық өндірісі дамымағандықтан, оның етін әзірге Ресей мен  Белоруссиядан алдырып отырғанын жеткізген директор сиыр мен шошқа етінен жасалған шұжықтарға қарағанда, тауық етінен жасалған шұжықтың асқазанға жеңіл, әрі бағасы да қолжетімді екенін жеткізді. Ол, сондай-ақ, сиыр мен шошқа еті өңіріміздің түкпір-түкпіріндегі шаруа қожалықтарынан алынатынын айтты.

- Қазіргі уақытта біз ет өңдеу жұмысын одан әрі жетілдіріп, полуфабрикаттардың жаңа түрлерін даярлауға ден қойып жатырмыз.  Бұл ретте біз көрші мемлекеттер мен шетелдік әріптестерімізден үйренгеніміз көп. Жұмысшыларымызды оларға жиі барып, тәжірибе жинақтап қайтып жүр. Бүгінде біздік кәсіпорында ет өнімдерінің 100-ден астам түрі өндіріледі, - дейді «Агропродукт ЛТД» ЖК директоры Асан Сұлтанғалиев бізбен әңгімесінде.

Бұрынғы Орал ет комбинаты негізінде жұмыс істеп жатқан «Жайық-Ет» ет өңдеу кешенінен» бүгінде 200-ден астам адам өздеріне тұрақты жұмыс тапқан. Асан Меңдібайұлының сөзінше, кәсіпорын 2013 жылдан бастап жаңа жоба бойынша жұмыс істеп келеді. Осы жобаны жүзеге асыру үшін кәсіпорын банктен 60 млн-нан астам қаражат алған.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале