23.06.2016, 15:41
Оқылды: 50

«Жайық Прессте» жаңа жинақтың таныстырылымы өтуде

 

IMG-20160623-WA0028-1-1Қай кезде де тың ізденістерімен, соны жаңалықтарымен таңқалдырудан талмайтын «Жайық Пресс» ЖШС Баспасөз күні мерекесі қарсаңында əріптестеріне, жалпы өңір журналистикасына тағы бір тамаша тарту жасады. Медиахолдингтің мәжіліс залында баспасөз тарихына қатысты тағы бір жинақтың таныстырылымы өтуде.

Шара «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Сафуллин Жантас Набиоллаұлының кіріспе сөзімен ашылды.


Жиналғандар назарына медиахолдинг басшысының осыдан үш жыл бұрын əріптестерімен бірге Ресейдің орталық мұрағаттарынан қазақ баспасөзінің қарлығаштары болып табылатын газеттер тігінділерін іздеп барған сапарының бейнежазбасы ұсынылды.

 Бұған дейін отандық және шетелдік архивтерден іздестіріліп табылып, араб әліпбиінен қазіргі алфавитке аударылып, ол газеттерді шығарушы тұлғалар туралы деректермен толықтырылып, кітап болып басылып шыққан 1911-1913 жылдары шыққан «Қазақстан» газеті, 1917-1918 жылдары шыққан «Ұран» газеті, 1918-1919 жылдары шығып тұрған «Хабар-Известия», «Қазақ дұрыстығы-Киргизская правда» газеттерінің жинақтарының легін енді «Дұрыстық жолы» газеті. 1919» атты кезекті кітабы жалғады.

Screenshot_2016-06-23-15-15-26-1Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің алғысөзімен жарық көрген тағылымды жинақтың лентасын қию құрметі Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы мен  Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры  Сауғабаева Айжан Нұрғалиқызына берілді.

Маңызды шараға Т.Сафиевтің қолжазбасын Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешенінің қызметкері Гүлмару Мырзағалиева, тарихшы-ғалымдар Жəнібек Исмурзин, Есболат Хайдаров, Сайлау Сүлейменов, тарих магистрі, өлкетанушы Құрымбаев Айболат Шамұратұлы, Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Исатаева Роза Жақияқызы, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Бас қор сақтаушысы Мырзағалиева Марина Қожақызы,  «Жайық Пресс» ЖШС жанынан құрылған БҚО баспасөз тарихын зерттеу орталығының жетекшісі Қабжан Қазыбек Құттымұратұлы қатысуда.

«Дұрыстық жолын» журналист, «Жайық Пресс» ЖШС Батыс Қазақстан баспасөз тарихын зерттеу орталығының маман-тілшісі Қазыбек Құттымұратұлы құрастырса, газет мәтінін төте жазудан Ерсайын Мергенбаев, Т.Сафиевтің қолжазбасын Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешенінің қызметкері Гүлмару Мырзағалиева аударды.

Айта кетейік, қазақ баспасөзіне қатысты тарихи деректерге негізделген құнды кітаптар сериясын жарыққа шығарумен бірнеше жылдан бері «Жайық Пресс» ЖШС жанындағы Батыс Қазақстан өңіріндегі баспасөз тарихын зерттеу орталығы тұрақты түрде айналысып келеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале