17.09.2015, 9:33
Оқылды: 15

«Жайық Пресс» медиахолдингінде облыстық және аудандық филиалдары газеттердің сайттары ашылып, барлығы бір жүйеге біріктіріледі

JayikPress  «Жайық Пресс» медиахолдингіне қарасты www.zhaikpress.kz атты ақпараттық ресурсы 2012 жылы өз жұмысын бастаған болатын. Содан бері облыс жұртшылығын ғаламтор, әлеуметтік желі арқылы өңір тынысымен, соңғы жаңалықтармен ұдайы хабардар етіп келеді.

Бұған дейін мемлекет жүргізіп отырған саясатты насихаттау мақсатында толыққанды жұмыс жасап отырған аталмыш сайт «Joomla CMS» атты сайтты құраушы бағдарламамен жарақтанып келсе, қазіргі уақытта замануи «Wordpress CMS»   құрылғысымен қайта жарақталып, аталған сайтпен облыстық қос газеттің сайтын біріктіруде. Алдағы уақытта он екі аудандық филиалдарында газеттердің сайттары ашылып, барлығы бір жүйеге біріктіріледі.

www.zhaikpress.kz

Ә.Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале