17.09.2015, 10:54
Оқылды: 33

"Жайық Пресс" медиахолдингінің жаңартылған сайттарының таныстырылымы өтуде.

IMG_9660 "Нұр Отан" партиясы ғимаратында "Жайық Пресс" медиахолдингінің жаңартылған сайттарының таныстырылымы өтуде. Жиынға Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы мен аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысуда. Бүгінде респибликалық БАҚ бұл өңірдің ресми жаңалықтарын жариялауда медиахолдингтің сайттарына сілтеме жасауда.

"Жайық Пресс" медиахолдингінің бас директоры Жантас Сафуллин мемлекеттік органдарды ақпарат орталығымен тығыз жұмыс жасауға шақырып, халыққа ресми ақпаратты шұғыл жеткізу - бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Медиахолдингтің zhaikpress.kz, oral_oniri.kz сайттарымен "Орал өңірінің" бөлім редакторы Нұрлыбек Рахманов, priru.kz сайтымен "Приуралье" газетінің тілшісі Галина Самойлова таныстыруда.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале