26.01.2016, 11:37
Оқылды: 29

«Жайық Пресс» медиахолдингі, баспасөз орталығында «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру кешенді жоспарының БҚО жүзеге асыру барысы» тақырыбында кезекті брифинг өтуде.

Brifing  Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингі, баспасөз орталығында «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру кешенді жоспарының БҚО жүзеге асыру барысы» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалының кезекті брифингі өтуде.


 

Оған БҚО Қаржы басқармасының басшысының орынбасары Раджапова Фарида, «Орал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК» департаментінің директоры Локтев Андрей, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» басқарма басшысы Талдықбаев Бауыржан және жергілікті БАҚ өкілдері қатысуда.

Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» Стратегиясында Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру бойынша ұзақ мерзімді мақсаты қойылған болатын. Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта құрудың басым бағыттары ішінде жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру анықталды. Аталған мақсатқа жету үшін мемлекеттің инвестициялық қызушылығын арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Дағдарысқа қарсы қайта құрудың үшінші бағытын жүзеге асыру үшін мемлекеттік сектор және мемлекеттік нысандарды жекешелеңдіру және мемлекет иелігінен алу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда.

Жекешелеңдірудің екінші толқыны ҚР Үкіметімен бекітілген 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарымен жүзеге асырылып бастады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап біздің облысымызда жалпы Республика көлемінде капиталды жариялау науқаны жүргізілуде.

Өткен уақыт ішінде Орал қаласы және аудан әкімдіктері жанында құрылған комиссиялармен заңнамаға сәйкес ресімделмеген жалпы құны 1,7 млрд. теңге 235 объект жарияланды. Олардың 101 –тұрғын, 134 тұрғын емес жайлар.

Ақшаларды, құнды қағаздарды, заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жердегі мүліктерді жариялауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетімен жүргізіледі.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале