12.02.2016, 9:57
Оқылды: 20

Жайық өзенінен Алмалы ауылының тұсынан арғы немесе бергі бетке көлікті айтпағанда, жаяу адамның өтуіне болмайды

Akjayik myzz  БҚО ТЖД ауданаралық жедел құтқару жасағы бөлімі өзен-көлдердегі сақтыққа байланысты тұрғындар арасындағы жұмысты күшейте түсті. 11 ақпанда Жайықтың Ақжайық ауданындағы Алмалы, Ақсуат және Чапаев ауылдары тұсындағы мұздың қалыңдығы байқасталды.


Бөлім басшысы Марат Қабақаевтың айтуынша, мұздың қалыңдығы Алмалы ауылы тұсында ортада 13 см., жағалауда – 25 см., Ақсуат тұсында ортада 15-18 см., жағалауда – 25-30 см. Ең бір қаперден шығармайтын жайт сол, өзеннің бұл екі ауыл тұсында және Алмалыдан төмен қарай жылым биыл жиі және бұлардың аумағы ұлғая түсетіні байқалады. Демек, бұл ауылдар маңынан арғы немесе бергі бетке көлікті айтпағанда, жаяу адамның өтуіне болмайды.

Барлық ауылға да осы жайында ескертілуде. Чапаев тұсында Жайықтың ортасындағы мұздың қалыңдығы 15 см., бұл құбылып тұр, жағалаудағы қалыңдық 25-30 см.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале