14.01.2016, 17:38
Оқылды: 31

Жалпақталдағы қос қуаныш

2016-01-15 10.54.41Бүгін Жалпақталда «Сұлулық салоны» мен көлік жөндеу бекеті ашылды. Бұл қуанышқа аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, облыстық жер қатынастар басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанова, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Бәйменов, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Дулат Имашев, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.


Жалпақталда тұңғыш ашылған "Гүлназ" сұлулық салонының иесі Венера Ізмұханова сәндеуші мен шаштаразды жұмысқа тартқан. «Гүлназ» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Венера Маратқызы «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы 2 млн.тенге несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Олар өз істерінің нәтижелі боларына сенімді.
2016-01-15 10.55.25Сонымен қатар дәл осы күні кәсіпкер Мұрадым Айтжановтың көлік жөндеу бекеті ашылды
Бұл орында автокөлік дөңгелегіне түрлі қызмет көрсетіледі. Дөңгелекті ашып-жабу, босатып алу, үрлеу секілді жұмыстар соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен жасалады. Сонымен қатар дөңгелек камераларын желімдеу, қысымын өлшеу қызметі де бар.
Мұрадым Айтжанов үкіметтен «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» арқылы 1,5 млн. теңге несиеге қол жеткізіп, бүгінде екі адамды жұмыспен қамтып отыр.
Бүгінде Жалпақтал ауылы бойынша жеке кәсіпкерлер құс өсіру, тері өңдеу, кәсіпкерлігін кеңейту, жылыжай салу, мал басын асылдандыру, наубайхана кәсібін кеңейту секілді жұмыстарға несие алып, өз кәсіптерін жүргізіп отыр.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек Қайырғалиұлы

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале