26.05.2015, 19:59
Оқылды: 25

Жалпақталда балалар ойыны алаңы ашылды

Jalpaktal oyin alani    Соңғы жылдары ауылды көркейту, абаттандыру мақсатында игі дәстүр жалғасын табуда. Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған ауылымыздың азаматтары балалар ойын алаңын салып, 25 мамыр күні ашылу салтанаты оздырылды. 

Балалар алаңының ашылу рәсімі бойынша лента қию аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Ғабидоллаұлына және кішкентай бүлдіршіндеріміз Саида Мусаева мен Айнара Алтаеваға берілді. Сонымен қатар ашылу салтанатында «Балдәурен», «Ертегі» балабақшаларының бүлдіршіндері мерекелік ән-жырдан шашу шашты. Бүлдіршіндер өздеріне арнап жасалған қызықты әткеншектермен түрлі ойын жабдықтарын көріп мәз-мейрам болысты. Мінеки, ауылымыздың балалары ойын алаңдарында асыр салып, құмарлары қанғанша ойнайтын болады.

Айман Кереева, ауыл тұрғыны:

-Бүгін балаларға сыйлағанәсем ойын жабдықтарымен неше түрлі әткеншектермен сырғанақ таза ауамен демалу кезінде отыратын орындықтармен жабдықталған ойын алаңын көріп қатты қуанып қалдық. Осындай ойын алаңын салған азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз.

         www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале