31.05.2016, 12:01
Оқылды: 29

Жалпақталда жазықсыз жапа шеккен жастардың аруағына құран бағышталды

jalpaktalЖыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккендердің аруағына құран бағышталады. Биыл да Жалпақтал ауылындағы орталық саябақтағы «Қазақ халқын қорғаушылар одағы. Жалпақтал жасырын жастар ұйымы» атты ескерткіш тақтаға көп адам жиналды.


Шараға ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин, мекеме-кәсіпорын басшылары, қуғынға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, ардагерлер, еңбек ұжымдары, ауыл тұрғындары қатысты. Гүл шоқтарын қою рәсімін жасап, бір минут үнсіздікпен еске алды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш жанындағы шара қаза болғандардың аруағына Жалпақтал ауылдық мұсылмандар мешітінің имамы Тілепберген Нұралиев құран бағыштап, дұға оқыды.

Жиында округ әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы, Жалпақтал мұрағатының директоры Мұса Төрениязов, саяси-қуғынға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, еңбек ардагерлері сөз сөйлеп, бүгінгі бейбіт күнді арман етіп, соның жолында құрбан болған тұлғаларды еске алды. Ақ тілектерін арнады.

Кейін Жалпақтал ауылдық кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Саяси зобалаң толқындары» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты жалпы құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету, келешек ұрпаққа осы қанқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау болатын.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале