23.09.2015, 9:02
Оқылды: 40

Жалпақталда жаңа әкім

  Jalpaktalda jana akim Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, мекеме басшылардың, қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізді.

Алғашқы сөз алған аудан басшысы Нұрлан Мағазұлы:

-Өздеріңізге мәлім осы уақытқа дейін Жалпақтал ауылдық округі әкімі қызметін атқарған Данияр Қайратұлы өз арызына сәйкес жұмыстан босаған болатын. Қазталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі Жалпақтал ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы шешімі негізінде Самиғолла Сафиоллаұлы Ақмурзин менің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі №240 өкімімен Жалпақтал ауылдық округінің әкімі мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалды. Самиғолла Сафиоллаұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеймін. Осы уақытқа дейін қарапайым ұстаздық қызметтен бастап, өмірдің баспалдағынан өтті. Жалпақтал ауылын 2002-2008 жылдары аралығында басқарып, басқа жұмысқа ауысуына байланысты Орал қаласына қоныс аударған болатын. Ауылдың жағдайын жақсы біледі. Мекемелермен бірлесіп, еселі еңбек етінен кәміл сенеміз,-дей келе аудан басшысы Самиғолла Ақмурзиннің өмірбаянын таныстырып өтті.

Өз кезегінде сөз алған Жалпақтал ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Шынболат Өтешқалиев өзінің оын білдіріп, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі. Жиын соңында сөз алған Самиғолла Сафиоллаұлы аудан әкімінің сенімін ақтау жолында бар жауапкершілікпен қызметін адалатқаруға күш-жігері мен тәжірибесін аямайтынын жеткізді

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале