10.05.2016, 16:32
Оқылды: 24

ЖАЛПАҚТАЛДА ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ЗОР ШАТТЫҚПЕН ТОЙЛАНДЫ

 Screenshot_2016-05-10-23-55-55-1-1Жалпақтал ауылының орталық саябағында Жеңіс мерекесі зор шаттықпен тойланды.


Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесі орталық саябақтағы азамат, Ұлы Отан соғыстары мен еліміздің тәуелсіздік жолында қаза болған жерлестерімізге гүл шоқтарын қоюдан басталды. Саябақта тылда еңбек еткен ардагерлерге арнап сарбаз ботқасы дайындалды. Майдангер Жұмат атамыз және тылда еңбек еткен ардагерлеріміз тағылымды естеліктерімен бөлісіп, дала асханасынан дәм татты.
Орталық саябаққа жиналған жұртшылықты Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин құттықтады.
Мерекелік шара соңы майдан және патриоттық әндер концертіне жалғасты.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале