3.07.2015, 8:44
Оқылды: 21

Жалпақталда жолдар жаңаруда

Kaztalovka joldar janaruda  Аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау бағытында ауданымызда жолдарды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

Жақында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен Қараөзен ауылдық округіне қарасты Серік елді мекені арқылы Қорған маңындағы 1,8 шақырым жол көтеріліп, белсенді жұмыстар жүргізіліпті. Сонымен қатар Серік, Жас елді мекендері аралығындағы жолдар тегістеліп, қалпына келтірілген. Бұл аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын Мұрат Ахметжанов басқаратын «Дорремсервис» ЖШС-і атқарыпты.

-Күні бүгін ауданымыздағы жолдарды тегістеу жұмыстары әлі де жалғасын табуда. Қазіргі Қазталовта 11 көшенің, Жалпақталда 7 көшенің жолдары қалпына келтіріліп, тегістелді. Сонымен Қазталов, Қараоба, Қошанкөл бағытындағы жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасын табуда,-дейді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов бізбен әңгімесінде.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале