14.09.2015, 10:04
Оқылды: 43

Жалпақталда «Отбасы күні» тойланды

Kaztalov Jalpaktalda otbasi kyni toilandi   Отбасы – қасиетті құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізгі тіні осы жерде қалыптасады. Талайды қанаттандырған киелі шаңырақ – бұл. Сондықтан отбасы мерекесі белгіленуінің өзіндік маңызы бар.

12 қыркүйек күні Жалпақтал мәдениет үйінде «Отбасы – өмір аясы» атты отбасылардың мерекелік концерттік бағдарламасы оздырылды. Бұл кешке әр салада табысты еңбек етіп жүрген отбасылар шақырылды. Өнер жолын өмірінің өзегі етіп, халқының ықыласына бөленіп жүрген Бейбіт Оразов қызы Ақмейіріммен «Қазағым менің» әнін орындап, сахна шымылдығын ашты.

«Отбасы – өмір аясы» атты мерекелік концерттік іс-шараға қатысқан отбасылар өдерінің алғыстарын айтса, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова «ек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды, бір-біріңізге деген ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатқа бөлей жүріңіздер»,-деп тілегін білдіріп, бөлім атынан Алтын апамыз қызы Ларисаға, тамаша би өнерін көрсеткен Ғилым ағамыз бен жары Нұрлы апамызды және Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппараты атынан барша өнер көрсеткен отбасыларға алғыс хаттар табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

 Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале