25.02.2016, 19:00
Оқылды: 33

Жалпақталда талайды тамсандырған «Тамаша» өтті

????????????????????????????????????

   Жалпақтал мәдениет үй жанындағы «Тамаша» ойын-сайық отауы кезекті қойылымы жұртшылық назарына ұсынылды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген Жалпақтал мәдениет үйі жанындағы «Тамаша» ойын-сауық отауына 30 жыл толғалы тұр.


Жерлес ағамыз Әли Ахметовтың бастамасымен ұйымдастырылған жергілікті бүгінде дүниеден өткен Темірғали Жазбаев, Гузяль Хабиева, Жәрдем Тұяқов, Закария Оразаевтырдың арнайы сатиралық туындыларымен бастау алып, оларды сахнада әрлендіруде, тамаша өнерімен жеткізе білген «Тамаша» ойын сауық отауының алғашқы ірге тасын қалаушылар Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Зәуреш Ақмурзина, Қайрат Туляшев, «Мәдениет қайраткері» атағының иегерлері Нұрлан Шаканаев, Самат Ерғалиев, Сүлеймен Қайбалиев, Бейбіт Оразовтарды айтпай кету мүмкін емес.

Бүгінде міне мәдениет үйі жанындағы «Тамаша» ойын-сауық отауы есігін айқара ашқан күннен бастап, көрермендердің көңілінен шығып, көзайымына айналуда. Басқа ауыл тұрғындарын қайдам, ал жалпақталдық ағайындар «Тамаша» ойын-сауық отауы өнер көрсетеді деген күні қонақтық пен той-томалақ былай тұрсын, алдындағы асын ішпестен мәдениет үйінің залына ертерек барып, орын алып қалуға асығады. Екі жүздің үстінде орындығы бар көрермендер залы лық толғанын айтпағанда ауылдастардың екі сағатқа жуық аяғынан тік тұрып, «Тамаша» тамашалағанына риза болды.

Әсем безендірілген сахна. Күлкіден шегің түйілетін қойылымдар. Әсем ән, мың бұрала билеген билер, бәрі-бәрі көрермендердің сұрауы бойынша беріліп жатқандай әсер қалдырып жатты. Жоғары да есімдері аталған аға-апаларының ізін жалғастырушы, жас буын өкілдері сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздары Нұрхат Жалмұқанов, Азамат Дүйсеков, Мержан Дүйсенов, Ерлан Аманжолов, Нұрбек Мұхамбетқалиев, Жандос Жексенбаев, Руслан Иманғазиев, Талғат Неғматуллин, Анар Мусина, Шалқыма Меркулова, Бағдат Жаныбекова, София Мерғалиева, Асылғаным Құсайынова, Мейрамгүл Тлепова, Гүлхан Елемесовалардың өнер көрсетуі көрермендердің көңілін көкке көтерді.

Жалпақталда өткен талайды тамсандырған «Тамаша» ойын-сауық отауы «Жалпақталым – жайлы мекенім» әнімен аяқталып, өнерпаздардың өнеріне тәнті болған жалпақталдық ағайындар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

     www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале