29.04.2016, 18:11
Оқылды: 21

Жалпақталда ынтымақ күніне арналған салтанатты жиын өтті

????????????????????????????????????

      Жалпақтал мәдениет үйінде 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын болып өтті.


    Мерекелік салтанатты ашқан Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин қазақстандықтар үшін 1 мамыр мерекесінің маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы екенін атап, ауылдастарды айтулы мерекемен құттықтап, «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!- деген шынайы лебізін білдірді. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты Мағауия Есмағұлов, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, қырғыз ұлтының өкілі Бахрам Рахманов өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

     Мұнан кейін Жалпақтал мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты концерттік бағдарламасы оздырылып, мәдениет үйінің және өнер бөлімінің өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале