22.12.2015, 21:19
Оқылды: 32

Жалпақталда энергетиктерге құрмет көрсетілді

Jalpaktal energetikterge kyrmet   Желтоқсан айының 22 күні — энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай Жалпақтал мәдениет үйінің кіші мәжіліс залында энергетика саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін салтанатты түрде атап өтті. Бұл шараға Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, мекеме басшылары қатысты.

Энергетика — заңды түр­де экономиканың негізгі сала­ларының бірі саналады. Аталмыш сала мамандары Қа­зақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика мен өн­діріс өнімдерін жаңғырту бойынша ел Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың қой­ған міндеттерін жүзеге асы­руға зор үлес қосуда. Энергетика мамандары халық пен кәсіпорындарды жылумен, электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету және оның сапасын арттыру үшін аянбай еңбек етеді. Сондай мекеменің бірі Жалпақтал аудандық электор торабы.

Уақытпен санаспайды. Әр үйдегі жарық пен жылу, техника жұмысы, ХХІ ғасырдағы адамзаттың өмір сүру мүмкіндігі осы сала мамандарының жұмысына тікелей тәуелді. Кәсіби мереке қарсаңында үздіктердің үздігі – энергетика саласы мамандары мен еңбек сі­ңір­ген қызметкерлері, са­­ланың бастау алған сә­тінде тынымсыз еңбек­тері­мен оның дамуын арт­тырғандарға ерекше құрмет көрсетілді.. Өңір халқын жарықпен үздіксіз қамтамасыз етуде Қазақстан энергетикалық қауымдастығының құрмет грамотасымен Дулат Өмірзақұлы, «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ басқарма төрағасының алғыс хатымен Жеңіс Бақтығалиұлы марапатталды.

Осы шарада ауыл әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы, еңбек ардагері Ғилым Едекешев, Жалпақтал колледжінің директоры Мағауия Есмағұлов, Жалпақтал ауруханасының бас дәрігері Алмас Тоғайбайұлы, аудандық газ шаруашылығы мекемесінің басшысы Меңдібек Мұқанов, Жалпақтал «Казтелерадио» мекемесінің басшысы Қадер Карин өз лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтар тарту етті.

Жиын соңы Жалпақтал құрама командасының қағытпа әзілдері мен мәдениет үйінің концерттік бағдарламасына ұласты.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале