3.08.2015, 17:19
Оқылды: 43

Жалпақталда іскер әйелдер кеңесті

Jalpaktalda isker ayelder kezdesti    Жалпақтал ауылының мәдениет үйінде Жалпақтал ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Нұрлы Химеденованың ұйымдастыруымен іскер әйелдер бас қосты. Бұл бас қосуға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, «Әжелер Шапағаты» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Баян Қабиева және мүшелері, кәсіпкер әйелдер қатысты.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен әйел бүгінгі таңда жұмысбасты болып, жан-жақтылыққа бет бұрған. Кәсіпкер әйелдердің қоғамдағы рөлі орасан зор. Олар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда да белсенділік танытып келеді. Күні бүгін ауылымызда да өз кәсіптерін ашып, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Кездесуде «Әжелер Шапағаты» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Баян Құбайқызы, мүшесі Галина Мусина сөз алып, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Сонымен қатар кездесуге қатысқан кәсіпкер әйелдерде өз ұсыныстарын білдіріп, ауылдың тазалығына көңіл бөлу керектігін айтты.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

 Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале