26.11.2015, 18:43
Оқылды: 22

Жалпақталдықтар үшінші орын

Jalpaktal voleibol    Жақында Ақсай қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай, Бөрлі ауданының жүлдесі үшін ерлер арасында спорттың волейбол түрінен ерлер арасында халықаралық турнир озырылды.

Бұл турнирдің мақсаты командалардың спорттық шеберліктерін көрсете отырып, салауатты өмір салтын ұстану, волейбол спортының дамуына зор үлес қосу болып табылады. Сайысқа Ақтөбе қаласының «Алихан» волейбол клубы, облысымыздың аудандары, Ақсай қаласының, Бөрлі ауданының ауылдық округтері және Жалпақтал ауылдық округінің «Жиенбай» волейбол клубы өз бақтарын сынады. Тартысты өткен турнирде «Жиенбай» волейбол клубы Теректі ауданының командасымен кездесіп, жалпақталдықтар  үшінші орынды қанағат тұтты. Сонымен қатар «Жиенбай» волейбол клубының ойыншысы Бекежан Жүсіпқалиев «Үздік байланыстырушысы» болып танылды. Бұл волейбол клубында Бекежан Жүсіпқалиев, Қуандық Молдағалиев, Замир Сейітқалиев, Амангелді Батыргереев, Манас Еренбаев, Еламан Бекжанұлы, Ақылбек Каменов, Сұлтан Ғұмар өнер көрсетеді.

-Біздің осындай турнирге қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан ауылымыздың азаматтары Талғат Абуовке, Жәнібек Қожыровқа рахметімізді айтамыз. Бізге әрдайым сайыстарға демеушілік танытып, спорттық киім алып, бізге қол ұшын беріп жүрген, көлікпен қамтамасыз еткен «Жиенбай» волейбол клубының директоры Ахметқали Қарағойшинге, ұлы Александрға алғыстарымыз шексіз,-дейді «Жиенбай» волейбол клубының ойыншылары.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале