20.03.2016, 12:20
Оқылды: 18

Жалпақталдық майдангер өзінің таңдауын жасады

????????????????????????????????????

 Ел болашағы үшін аса маңызды науқаннан Ұлы Отан соғысының ардагерлері де қалыс қалмады. Жалпақталдық майдангер Жұмат Сәрсембиев өз таңдауын жасады.


Ардагер таңмен таласа оянып, алғашқылардың бірі болып сайлау бөлімшесінен табылды. Жалпақталдық ардагер Жұмат Сәрсембиев сұрапыл соғыстың көрген, бүгінде тоқсанның үшеуінде. Бүгін Жұмат ата ел үшін маңызды науқаннан қалыс қалмай, таңертең ерте тұрып, сайлау бөлімшесінде өз таңдауын жасады.

Жұмат Сәрсембиев, Ұлы Отан соғысының ардагері:

-Сайлау учаскесі барлығын талапқа сай орындауда. Учаске өз уақытында ашылып, комиссия құрамы таныстырылды. Барлығы әділ өтуде, халықтың келу жиілігі де жоғары.. Өз таңдауымды жасадым. Еліміз тыныш, жастар аман болсын,-дейді атамыз.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

 Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале