31.10.2016, 18:07
Оқылды: 21

Жалпақталдың қос чемпион қызы

%d0%b6%d0%b0%d0%bb%d0%bf%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d2%9b%d0%be%d1%81-%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d1%8b-%d1%87%d0%b5%d0%bc%d0%bf%d0%b8%d0%be%d0%bd  Қазталов аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы Ғаділбек Сатыбалдиевтің шәкірттері жеңіс тұғырынан көрініп, қос қызы алтыннан алқа тақты.

  28-29 қазан күндері РФ Самара қаласында В.М.Кейлинді еске алуға арналған дзюдо күресінен 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында ашық турнир өз мәресіне жетті.


  Бұл жарыста бүгінде Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған спорт интернатының түлегі, жалпақталдық Элеонора Анарбекқызы 28 келі салмақ дәрежесінде, аудандық спорт мектебінде жаттығып жүрген, Ғ.Молдашев атындағы орта мектебінің оқушысы 32 келі салмақ дәрежесінде Айшабибі Мұрадымова алтыннан алқа тақты.

  Ашық турнирде чемпион атанған Жалпақталдың қос қызына алдағы уақытта жеңісті күндер тілейміз.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале