18.05.2015, 18:09
Оқылды: 32

«Жалпақтал» атты кітаптың тұсауы кесілді

 

Jalpaktal kitabi18 мамыр күні Жалпақтал мәдениет үйінің кіші залында тарихшы, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» орденінің иегері, Бөкей, Сырым аудандарының «Құрметті азаматы» Жайсаң Ақбайдың «Жалпақтал» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

 Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова кітаптың мәні мен мағынасына тоқталып, аудандық кітапхана қоры тағы бір кітаппен толыққанын, өскелең ұрпақ үшін бұл кітаптың керек екенін жеткізді.

Мұнан кейін Жайсаң ағамызбен қызметтес, шәкірттері, еңбек ардагерлері Шәріп Хайруллин, Шынболат Өтешқалиев, Хамидолла Берғалиев, Жақия Мусин, Қанатқали Бисенғалиев, Ермек Аманғалиев, Жамбыл Нұғыманов ағамыздың еңбегіне табыс, деніне саулық тіледі.

Мұндай кездесу Жаңажол ауылдық мәдениет үйінде де өз жалғасын тапты. Кездесуде еңбек ардагері, «Қазталов ауданының құрметті азаматы» Нағым Ризуанов, Жаңажол орта мектебінің директоры Абзал Ризуанов, тарихшы ұстаз Баян Мұхитұлы өз тілектерін айтып, Жаңажол ауылдық округінің әкімі Арман Алдабергенов кітап авторы Жайсаң Досболатұлына естелікке сыйлық тарту етті.

«Жалпақтал» атты кітапта тарих, табиғат, қызмет еткен ауылдас ағалардың өнегелі істері туралы баяндалған. Қос округте өткен кездесуге мекеме-кәсіпорын басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

www.zhaikpress.kz

         Тұрарбек АҚМУРЗИН

 Жалпақтал ауылы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале