7.06.2015, 11:29
Оқылды: 43

Жалпақтал ауруханасының бір күні

Jalpaktal auruhanasinin bir kyni   Елімізде жыл сайын медицина қызметі жақсарып келеді. Ақ халатты абзал жандардың еңбегі елеулі. Жақында жолымыз түсіп, медицина күні қарсаңында қызметі көпшіліктің ойынан шығып жүрген Жалпақтал ауруханасының жұмысымен танысып, бір күнімізді арнаған болатынбыз.

Халқымыздың денсаулығын қорғауға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы тұрақты назар аударып, әрдайым қолдау жасап келеді. Денсаулық саласына бөлінетін мемлекеттік қаржы көлемі де жылдан-жылға артып келеді. Халық денсаулығы баға жетпес байлық, мемлекетіміздің қымбат қазынасы. Дені сау адам ғана елге, қоғамға лайықты қызмет ете алады. 2010 жылы күрделі жөндеуден өткен Жалпақтал ауруханасы мен емханасының медициналық қызметкерлері жан-жақты қолдау мен нақты міндеттер аясында еңбек етуде. Бұл аурухана өз аймағында 3 дәрігерлік амбулаторя, 4 ФАП, 19 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетуде.

Ең алдымен біз жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысудан бастадық. Жедел жәрдем қызметкерлері мереке күндері де қарбалас, тыным таппайды. Өйткені ақ халаттылар кез-келген адамның өмір сақтап қалуды алғашқы орынға қояды.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале