5.02.2016, 19:04
Оқылды: 23

Жалпақтал мешітіндегі кездесу

????????????????????????????????????

Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұрат Рахметуллин Жалпақтал мешітінде болып, мешіттің бас имамы Тілепберген Нұралиевпен кездесті.

Аудан әкімінің аудан бойынша діни экстермизм және терроризмге қарсы түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында ақпараттық насихат тобы құрылған болатын. Жоспарға сәкес кездесуге ауылымыздың ақсақалдары, кәсіпкерлер қатысты.


-Мешітіміздің имамы алла үйінің айнасы. Көмекке мұқтаж адамдарға бағыт-бағдар беретін, жиналған жамағатқа дұрыс және тура жол көрсететін, жастарымыздың басқа ағымдарға адаспауына ықпал жасайтын адамдар. Бірліктің ұйытқысы қызметін атқаруда Сіздерге үлкен табыс тілеймін,-деді округ әкімінің орынбасары Мұрат Есетұлы.

Бас қосуда ауылымыздың діни ахуал жөнінде әңгіме өрбіп, қазіргі ауыл жастарының тәртібі жөнінде бір қатар мәселелер көтеріліп, ұсыныс пікірлер айтылды.

 www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

 Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале