2.07.2015, 17:19
Оқылды: 22

Жалпақтал мешітінде жасөспірімдер діни сауатын ашуда

Kaztalov dini sauat ashuda    Оқу жылы аяқталған сәтте балаларға есігін айқара ашқан Жалпақтал мешітінде діни сауат ашу курстары өз жұмыстарын бастады.

Жалпақтал мешітінің ұжымы бір ай бойы жиырманың үстінде балаға имандылық әліппесін үйретіп, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірімен таныстырып, күнделікті қажетті дұғаларды жаттатып қана қоймай, Отанын, ата-анасын құрметтеу секілді асыл қасиеттердің мәнісін аят-хадистермен тереңірек ұғындыруда. Діни сауат ашу курстарын Жалпақтал мешіті дәстүрге айналдырған. Сауат ашуды Орал медресесінің түлегі Асылжан Сәрсенбаев оқушыларға Құран әліппесі, имандылық сабақтары, арабша үйрену секілді тәлімі мол дәрістер беруде.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале