11.01.2016, 19:28
Оқылды: 37

Жалпақтал телехабар тарату орталығы үздік атанды

Jalpaktal kaztekeradio   Өткен жылдың қорытындысы бойынша облысымыздағы бүкіл телехабар тарату орталығы арасында Жалпақтал телехабар тарату орталығы үздік атанды.

Жалпақтал телехабар тарату орталығы 1980 жылдары салынып, содан бері халыққа қызмет көрсетіп келеді. Өткен 2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінде Жалпақтал телехабар тарату орталығы Бөкей орда, Жәнібек, Қазталов аудандарын қамтып отыр.


-Қазіргі уақытта облысымызда Орал, Ақсай, Жымпиты, Чапай ірі қуатты станциялар болса, солардың бірі біздің Жалпақтал телехабар тарату орталығы кіреді. Біздің ұжымдағы жігіттеріміз мейрам күндері халыққа сапалы қызмет көрсету үшін күні түні демалыссыз жұмыс жасайды. Жігіттердің еңбегі орасан зор. Алдағы уақытта сандық эфирлік телевидение іске қосу жұмыстары жүргізгелі тұр. Біздің негізгі тұтынушымыз – ауыл тұрғындары болғандықтан шалғай ауылда сапалы қызмет түрлерін пайдалануы тиіс деп ойлаймын. Аудан бойынша «ОТАУ-ТВ-мен» 38 пайыз қамтылып отыр. Осы «ОТАУ-ТВ» қондырғысын орналастыру бойынша облыста үшінші орындамыз. «ОТАУ-ТВ-ды» қондырғысын орналастыру жұмыстары алдағы уақытта да жүргізелетін болады. Сонымен қатар «Теле-2», «Алтел» құрал жабдықтар бізде болғандықтан іске қосу жұмыстары жүргізілетін болады,-дейді бізбен әңгімесінде Жалпақтал телехабар тарату орталығының басшысы Қадер Карин.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

 Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале