28.10.2016, 16:45
Оқылды: 73

Жалпы қоғам болып құқық бұзушылықтарға қарсы тұрайық

3-%d0%ba%d0%ba%d0%be27 қазан күні ағымдағы жылдың басынан үшінші мәрте Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облысының ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның отырысы  өтті. Онда құқық бұзушылықтарға қарсы «мүлдем төзбеушілікті» қамтамасыз ету бойынша азаматтық қоғам институттары мен полиция қызметкерлерінің арасындағы өзара іс-қимыл жасасу нәтижесі қаралды.


Батыс Қазақстан облысы ІІД кіші мәжіліс залында ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Бозымов Қазыбай Қарайұлының төрағалық етуімен және Департамент бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлының қатысуымен «Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу» тақырыбында ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның арнайы  отырысы өтті.   Жиынға ККО мүшелері, ІІД басқармалары мен қызметтерінің бастықтары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында БҚО Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы Елбасы Ұлт жоспарының 30-қадамына сәйкес бес институционалдық реформасын орындау бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Жергілікті полиция қызметі іске қосылғанын, сондай-ақ, қоғамдағы кез келген бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қамтамасыз ету Елбасының қойған талабы, сондықтан оны жүзеге асыруда тек құқық қорғау органдарының қатысы ғана емес, барлық қоғамның міндеті болып саналатыны жөнінде айтып өтті.

Кеңес барысында Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғабдуллин Манарбек Серікқалиұлы баяндама жасады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануы қажеттігін атап өтті. Аталған жолдауда «Қоғамдық тыныштықты бұзып, өмір сапасын төмендететін болғандықтан біз кез-келген ұсақ құқық бұзушылықтар, бұзақылық, мәдениетсіздікпен бітімгершілікке келмеуіміз қажет» екенін атап өтті.

Аталған қағиданың мақсаты – қоғамдық тәртіптің деңгейін және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.

«Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз етуге шақыратын Мемлекет басшысының жолдауы тек қоғамдық тәртіпті сақтаудағы өз міндеттерін орындайтын полиция қызметкерлеріне ғана емес, барлық қоғамға қатысты.  Сондықтан, «мүлдем төзбеушілік» қағидаты түсінігі әрбір қазақстандық үшін тыныш және қауіпсіз өмір сүру жағдайын қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы аталған тәртіпсіздікке тосын қарамай, оларды болдырмау мақсатында шаралар қабылдауы қажет.

«Мүлдем төзбеушілік» түсінігі құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алудың басты негізі болуы қажет. Дер кезінді ұсталған ұсақ бұзақы оны қоршаған орта қарап тұрғанын түсініп, қылмыс жасауға бармайды.

Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру бойынша қойылған талаптар мен тапсырмаларды орындау мақсатында ішкі істер органдарының қызметі әкімшілік заңнамаларды «ұсақ» бұзақылықтар санатына енетін әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталды.

Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі тарапынан азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің бірқатар баптары белгіленді.

Осындай құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:

-  алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу,

-  ұсақ бұзақылық жасау,

- қалалар мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, аумақты абаттандыру ережелерін бұзу,

- заңды өкілдері еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы,

- тыныштықты бұзу,

- жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу,

- иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелерін бұзу,

- жүріс бөлігіне қоқыс, қозғалыс үшін қауіп туғызатын заттар лақтыру.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы өз баяндамасында төмендегідей мәліметтерге тоқталып өтті:

- «Ағымдағы жылдың 9 айында жоғарыда көрсетілген баптарға сәйкес 48.993 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға төмендегенін көрсетіп отыр, соның ішінде,  ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 3317 құқық бұзушылық тіркеліп, ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін – 1681 әкімшілік хаттама толтырылды.

Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 13.526  хаттама толтырылды. Бүгінгі күнде 1805 алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланатын адам облыс ішкі істер органдарының есебінде тұрса,  тыныштықты бұзғаны үшін 1260,   жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккендері үшін 5003; заңды өкілдері еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болғаны үшін 1300; кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін  6; иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелерін бұзғаны үшін 1563; қалалар мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, аумақты абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 3015 хаттама толтырылды.

Ағымдағы жылы Орал қаласының аумағында жұртшылық, мүдделі мемлекеттік органдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы, үкіметтік емес ұйымдар, жұртшылық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Таза қала»,  «Үлгілі аула», «Үздік дәліз», «Таза көше»,  «Тәртіпсіздік және құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» секілді  жедел алдын алу іс-шаралары өткізіліп тұратынын айтып өтті.

Құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты біздің республикамыздың барлық азаматтары үшін қоғамдық өмір норма, ал біз полиция қызметкерлері үшін белгіленген акция емес күнделікті жұмыс нормасы болуы қажет», - деп атап өтті ЖПҚ басшысы.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде азаматтардың белсенділігін арттыру, оларды материалдық көтермелеу және «Қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге қатысқан азаматтарды ынталандыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №1243 қаулысын орындау мақсатында жыл сайын осы мақсатта облыс бюджетінен қаржы бөлінеді.

2016 жылы осы мақсатта 3,5 млн. теңге бөлініп, 125 азамат 2 млн. 342 теңгемен ынталандырылды.

Жергілікті атқарушы органдардың қолдау көрсетуімен жедел жағдайдың жай-күйін бақылайтын бейнебақылау жүйесін көбейту бойынша шаралар қабылданды.

Облыс орталығындағы учаскелік полиция пункттерінің аумағына «Қауіпсіз аула» жүйесі бойынша 103 бейнебақылау камералары орнатылып, облыс орталығында қосымша 172 бейнебақылау камераларын орнату туралы тапсырысы өз қолдауын тапты.

Сонымен қатар, Орал қ. ІІБ Жедел басқару орталығына қосылған 83 бейнекамера орнатылды.

Бейнебақылау жүйесінің көмегімен 67 қылмыс, соның ішінде 24 тонау, 14 бұзақылық, 8 ұрлық, 4 автокөлік ұрлау, 17 басқа да қылмыстар ашылып, 11 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды.

Ағымдағы жылы қоғамда «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың бірлескен іс-қимылы туралы сұрақтар БҚО әкімі А.Көлгіновтың жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия отырысында және БҚО прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдарының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралған.

Жиын соңында ККО мүшелері  ЖПҚ басшысына бірқатар сұрақтар қойды. Солардың бірі - ақын, Ақжайықтың  «Ақ шағаласы» Ақұштап Байтыгерейқызы көшелерде және актокөліктерді қою тұрақтарында көлік қою тәртібі орнатылмаған, соған ерекше көңіл бөлінсе деген ұсынысын жеткізді.

Ал, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы облыстық филиалының төрағасы Асланбек Зинатұлы Ғұбашев полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытында роликтер дайындап, халыққа ұсынуды айтты.

Айтылған ұсыныстардың барлығы тәртіп сақшыларының назарына алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале