19.09.2016, 10:51
Оқылды: 32

Жалынды жастар игі бастаманы қолға алды

%d0%b6%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%80-%d0%b8%d0%b3%d1%96-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d1%8b-%d2%9b%d0%be%d0%bb%d2%93%d0%b0-%d0%b0%d0%bb  Тереңкөл ауылының 75 жастағы тұрғыны Нәзира әжеміздің арманы да сол еді. Жасқайыңдай ардақты ұлының үлкен ұлы Райымбектің қолына қондырған ақ құсың асыға күтті.

Нәзира әжеміздің және Жасқайың әкеміз бен Ардақ анамыздың арманы орындалды.


18 қыркүйек күні «Ақниет» мейрамханасында дүбірлі той өтті. Хайрушевтер отбасының үлкен қуанышына ортақтасып, қол ұшын созған аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық жастар кеңесі, аудандық мәдениет демалыс орталығы, Қазталов орта жалпы білім беретін мектебін атап кеткенді жөн санадық. Себебі «100 нақты көмек» аясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Отбасы күніне орай ұйымдастырылып жатқан қуаныш Тәуелсіздіктің құрдасы Райымбекке жылы жүректі жалынды жастардың тартуы. Бұл да мына жалған өмірде бір-бірімізге жасаған қайырымдылық іс деп білеміз.

- Жастар ресурстық орталығы жанынан «100 нақты көмек» жобасы аясында іске асырылып жатқан игі бастама басқа аудандарда да қолға алынып жатыр. Әрине, қуантарлық жәйт. Әр ата-ананың байлығы асып-тасымаса да, бар жиған-тергенін баласының бақыты жолында жояды. Біз Жасқайың ағамыз бен Ардақ апамызға қолдау көрсетіп, мейрамханаға 150 орындық адамға тегін тапсырыс беріп, той жүргізетін  асаба, музыкант, фото мен видео монтаждаушыны т.б жағдайлардан көмек қолымызды созып жатырған жағдайымыз бар. Біздің мақсатымыз – қайырымдылық аясында игі істерді қолға алып, жылы жүрекпен қол ұшымызды созу еді, -деді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрлан Кенжин.

Бүгінгі қуаныштың басты кейіпкері, Тәуелсіздіктің құрдасы Райымбек бүгінде Ақтау қаласында Отан алдындағы борышын өтеп жатыр.Жаңа өмірге қадам басқалы тұрған жас жұбайлар ақ некенің ақ жүзігін қолдарына тағып, өмірлеріндегі ең маңызды құжатқа қол қойды.

Жұлдыз АСҚАР

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале