11.10.2016, 10:09
Оқылды: 61

Жалған сенім жарға жығады

????????????????????????????????????

   Тасқала ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық кеңестің кезекті жиыны өтті. Аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның төрағалығымен өткен жиынға кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері, аудандық мешіттің бас имамы А.Ибрашев және аудан прокурорының көмекшісі Н.Сейтқалиев қатысты.


         Жиын барысында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков қазіргі таңда қоғамға үлкен қауіп төндіріп отырған экстремизм мен терроризм жайында айтып өтіп, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жастарды теріс діни ағымдардан сақтандыру үшін жүйелі жұмыс қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ  осы уақыт аралығына дейін  жастарды жат ағымдардан сақтандыру бағытындажасаған жұмыстары жөніндеде баяндап берді.

         Мұнан соң мінбеге көтерілген аудандық аурухана басшысының орынбасары Н.Дүйсекешева, экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы олар туралы өз уақытында шынайы ақпаратпен жастарды  хабардар етіп отыру қажет екенін айтты. Сонымен қатар ауруханада экстремизм және терроризмге қарсы медицина қызметкерлеріне дөңгелек үстелдер өткізіліп тұратынын да тілге тиек етті.

         Кеңесте  Ақтау, Қазақстан, Шежін ауылдық округ әкімдері мен қатар Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Өтеген экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында мешіт имамдарымен бірге мектеп оқушыларна әрдайым арнайы жиындар өткізіп, олардың көкейлерінде жүргенсұрақтарына жауап беріп жүргендерін жеткізді. Және бүгінгі жас буынға  дәстүрлі емес діни ағымдардан аулақ жүру қажет екенін үнемі қаперлеріне салып жүру керектігін де баса айтты.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале