14.04.2016, 12:02
Оқылды: 22

Жалған хабарлама жарға жықты

Jarilgish zat     Сәуірдің 11 күні сағат 16.12 кезінде Орал қ. ІІБ жедел басқару орталығының «102» операторына белгісіз біреуден «Абай  полиция бөліміне жарылғыш зат қойылды» деген  хабарлама келіп түседі.

         Қауіпсіздік шараларын қолдануға сәйкес БҚО ІІД жеке құрамы, 160-ға жуық қызметкер, ондаған ІІД-ге және Абай Пб-ге келуші азаматтар ғимараттан тысқа шығарылды. Іргелес Құрманғазы, Самара және Акмурзин көшелеріндегі автокөлік жолдары жабылды. ІІД ғимараты Орал қ. ІІБ қызметкерлерімен қоршауға алынды.


         Абай Пб ғимаратын және оған жақын аумақтарды тексеру кезінде  «Арлан» арнайы бөлініс қызметкерлері арнайы техникалары және кинологиялық қызметімен  жарылғыш зат анықталған жоқ.

Қолданылған жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері «оқиға ізін суытпай» 24 жасар Орал қаласының тұрғынын анықтап, қолға түсірді.           

         Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда.

Лаңкестік актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін (ҚР ҚК-нің 273-бабы) 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 2015 жылдан бастап аталған қылмыс қатаңдатылып, бұрынғы айыппұл және бас бостандығына шектеу қою жазалары жойылды.

 www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале