12.10.2016, 9:58
Оқылды: 20

Жалғасын тапқан дәстүрдің озығы

????????????????????????????????????

   Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында ауылдық округтерде «Біз сізге қарыздармыз, асыл ана!» атты кездесу кештері өтуде.

Шара аудан бойынша көп балалы аналарды ардақтау және отбасылық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу, Тәуелсіздік жылдарындағы көшбасшы әйел, арулар жетістіктерін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында оздырылып отыр.


Тәлім-тәрбиелік мақсатты көздеген кездесу кештері Жусандыой, Аққозы,Саралжын, Сулыкөл ауылдық округтерінде өтті.

«Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ажар Берікқалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұржамал Берниязова әйел адамдардың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың ой-пікірлеріне құлақ асып, ақыл-кеңестерін айтып, өзіндік ойларын ортаға салды.

Шара соңында қоғамдық бірлестік атынан бірқатар әйел-азаматшалар алғыс хатпен марапатталып, сый-сияапатқа кенелді.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале