2.12.2015, 18:02
Оқылды: 22

Жанар Сұлтанова , жеке кәсіпкер, Қаратөбе ауданының тұрғыны:

Karatobe janar syltanova     - Биылғы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған дәстүрлі жолдауын тыңдадық. Жолдаудың негізгі тақырыбы жаһандық ахуалдың қиындау соғып тұрған кезінде, біз қалай дамимыз, алдымызға қандай міндеттер қоямыз деген бағытта өрбіді. Сонымен қатар сонау Қазақстан жаңадан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардағы қиындықтан да өттік. Қазіргі қиындықтардан шығатын жолды таба білеміз және шыға аламыз. Мен оған сенемін деген болатын. Кәсіпкерлік саласында Үкіметіміз көптеген бағдарламалар қабылдап, үлкен көмектер көрсетуде. Биылғы жолдау да Президентіміз кәсіпкерлерге үлкен сенім артатынын айтып, елге, халыққа қызмет етуге шақырды.


Елбасының жүргізіп отырған саясатын әруақытта қолдаймыз және елбасымызға сенеміз. Әлеуметтік салаға да қолдау бұрынғы күйінде қалатындығы, жалақының өсетіндігі халық үшін жасалып жатқан игілікті істер деп түсінемін. Осы жолдауда айтылған мәселердің оңтайлы жүзеге асуын күтеміз.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале