29.09.2015, 20:13
Оқылды: 13

Жанашыр болуға үндеген шара

5   Республикамызда оздырылып жүрген «Мектепке жол» акциясына бисендіктер де белсене қатысты. Ауылдық Мәдениет үйінде өткізілген қайырымдылық шарада ауыл әкімі Қайырсапа Саматов өтіп  жатқан игі акцияның маңызына тоқталып, бір күнде ғана емес, күнделікті өмірімізде бір-бірімізге  қамқор, қайырымды болуға шақырды. Қазақы қанымызға сіңген асыл қасиетімізді жоғалтпауға, ұрпақтың мейірімді, жанашыр болып өсуіне үндеген тағылымды кеште ауылдың азаматтары көп балалы отбасылардың  балаларына сый-сияпатын ұсынды. Спорттық киімдер киіп, жаңа сабақ құралдарына қол  жеткізген балалар мейірім танытып, қайырымдылық көрсеткен аға-апаларына алғыс айтты.

Бисен ауылдық округі бойынша акция барысында 126200 теңге жиналып, балалардың игілігіне жұмсалды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале