2.12.2015, 18:43
Оқылды: 24

Жанболат ИМАНҒАЛИЕВ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

жанболат_имангалиев   – Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы – ерекше тәжірибе. Бұл өткен жылғы Үкімет пен елде атқарылған істерге сараптама ғана емес, келешекке басым бағыттар мен мақсаттарды анықтау. Көптеген елдер­дің халқы мемлекеттерінің қай бағытты негізге алғанын, алда қандай мақ­сат барын білмей жатады. Жаңа Жолдауда өсу, реформалар мен даму басты орынға қойылды.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлеу­меттік саласының әлемдік дағдарыс кезеңіндегі даму жоспарын айтты. Бұл алдымен мемлекеттің барлық әлеуметтік жауапкершілікке кепілді­гі. Зейнетақы мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлерінің жа­лақы­сы өспек. Сондай-ақ Жолдауда күнкөрістің төменгі деңгейі халық­тың түр­лі тобына бөлек анықталатыны, әлеуметтік төлемдер нағыз мұқ­таж жандарға берілетіні айтылды. Яғни әлеуметтік төлем жүйесі жаңғыртылмақ.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале