6.09.2016, 11:54
Оқылды: 31

Жандарбек топ жарды

р-022-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген марафонға әр мекемеде қызмет етіп жатқан он сегіз жасқа дейінгі жастар мен мектеп оқушылары және өзге де ниет білдірушілер қатысты.


Әр адамның саулығын нығайту мақсатында қолға алынған шараны ардагер спортшы, бас денсаулық сақшысы Әділгерей Ғаббас ашып, желаяқтарға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысында М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп оқушысы Жандарбек Сатқанов «Үздік желаяқ спортшы» атанса, Әділгерей Уәлиұлы «Ардагер спортшы» деп танылды. Сондай-ақ, М.Мәметова, М-С.Бабажанов атындағы білім ұялары мен аудандық аурухана, Бөкей Ордасы колледжі және спорт мектебі ұжымдары белсене қатысқаны үшін арнайы марапатқа ие болды. Ал, жекелеген үздік спортшылар да сый-сияпаттан құр қалған жоқ.

Г. Тұрсынтегі

Бөкей Ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале