21.11.2016, 12:34
Оқылды: 46

Жансая мен Бауыржан республикалық ақындар айтысының жүлдегері

granpri-2  Атырау қаласында Махамбет атындағы облыстық драма театр сахнасында «Асқақ рухты Атырау» республикалық ақындар айтысы өтті.

  Додаға республиканың әр өңірінен 20 ақын қатысып, халыққа өнер кешін сыйлады. Жер мәселесі, Атырау халқының қонақжайлығы мен мұнайы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістігі - ақындар өлеңіне арқау болды. Айтысты халықаралық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер» одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізіп, Асанәлі Әшімов төрағалық еткен қоғам қайраткерлері ақындар өнеріне қазылық етті.


   Айтыстың бас жүлдесі мен 2 млн. теңге қарағандылық ақын Мақсат Ахановқа бұйырды.

  Ал, жерлестеріміз Жансая Мусина бірінші орынды 1 млн. теңге иеленсе, Бауыржан Ширмединұлы екінші орынды астаналық Мейірбек Сұлтанханмен бөлісті. Оларға 800 мың теңгеден ұтыс табысталды. Жүлделі үшінші орынды және 750 мың теңгеден ақшалай сыйлықты атыраулық Жәнібек Садыров пен астаналық Серікзат Дүйсенғазин және қызылордалық Иранғайып Күзембаев жеңіп алды.

 Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев: «Айтыс Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ақындар көтерген мәселенің бәрі өзекті. Қазақтың баласы қай жерде жүрсе де халықтың қамын ойлап жүруі тиіс. Атырау айтыскерлерді қарсы алуға әрқашан дайын», - деді.

   Жүрсін Ерманның айтуынша, айтыстың деңгейі жылдан-жылға артып келеді. «Қазір республиканың барлық өңірінде ақындар мектебі ашылып, жұмыс жасауда. Сол ортадан шыққан жас ақындар бүгінде айтыстың аламанында топ жарып жүр. Республикада айтыс өнеріне қолдау танып отырған төрт әкім болса, солардың бірі - Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев», - деді ол.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале