13.07.2015, 18:57
Оқылды: 31

Жапондық ұстаз сабақ жүргізді

Zelenov japondik ystaz   Зеленов жеріне атақты каратэ шебері Сигиоша сенсейдің көмекшісі Кейтцуки Минова келді. Кейтцуки ұстаз Қасым Аманжолов атындағы мектеп спортзалында аудан кратэшілеріне тек әскери өнердің қыр-сырын ғана емес жапон тілі мен оргигами және каллиграфия өнерін үйретті. Бірнеше күн бойына сабақ жүргізген жапондық қазақ балаларының тәрбиелілігі мен ұқыптылығына әрі кез-келген қиын тапсырманы тез ұғып алатындығына разы болыпты. Ол туралы ұстаз: «Мен әлемнің бірнеше елінде болдым. Бірақ, қазақ балаларындай қағылез әрі әрқашан да үйренуге құмар ұл-қыздарды кездестірмедім. Сіздің елдегі балалардың әр іске деген жауакершілігін таң қалдырды.»,-деп таң қалысын жасырмады.

Сондай-ақ еліміздің мәдениеті мен өнеріне, ұлттық тағамымыз бен бай тарихымызға таң қалған Кейтцуки болашақта ұстазы Сигиоша сенсеймен бірге келуді жоспарлайтындығын айтты.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале