1.03.2016, 11:00
Оқылды: 28

Жарайсың, жас балуан!

Janibek samboshi bala  Жерлесіміз Әсем Телекова таяуда Талдықорған қаласында өткен самбо күресінен 1998-1999 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатына қатысып, жүлделі 2-орынды қанжығасына байлады. Енді Әсем Токио қаласында жалауы желбірейтін Азия біріншілінде ел намысын қорғамақ.


Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлері Сырым Байсов пен Айдархан Абдолов жаттықтырытан жас спортшы әлі де талай белесті бағындырып, қайнап жатқан спорттық өмірдің жұлдызы боп жанатынына үміттіміз. Арманы асқақ, сенімі сергек Әсемге алдағы уақытта тек қана сәттілік серік болып, әлем көз тіккен байрақты бәсекелерден қанжығаң майлансын деген ақжолтай тілек білдіреміз.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале