18.12.2015, 22:57
Оқылды: 27

Жарсуат ауылында өрттен қос зейнеткер қаза тапты

Orttt  Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында «Жарсуат» ЖШС-ының күзет орнына лайықталған ғимаратында 16 желтоқсан күні аумағы 2 шаршы метрді қамтыған диван мен жеке заттар өртенген.


БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 17 желтоқсан күні сағат 11.05-те өрт орнынан 1952 жылғы А. және 1950 жылғы Ж. деген екі зейнеткердің мүрдесі табылған.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталуда.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале