20.05.2015, 17:24
Оқылды: 40

Жарғымен танысты

JArgimen tanisti «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жарғысымен таныстыру мақсатында дөңгелек үстел өтті. Оған облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастауыш, аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Басқосуды облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев ашып, ұйымның алдындағы жаңа міндеттері туралы жан-жақты баяндады. Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Гүлжанат Құрманғазиева аталмыш қоғамдық бірлестіктің жарғысымен таныстырды. Оның айтуынша, еліміздегі «Кәсіптік одақтар туралы» заңына сәйкес, «Халық  ағарту  және  ғылым  қызметкерлерінің  Батыс  Қазақстан облыстық дербес кәсіптік одағы» қоғамдық  бірлестігі «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігіне мүшелік ұйым ретінде кіріп, атауын өзгертуіне орай, сәуір айында мемлекеттік тіркеуден қайта өткен.  Бекітілген жарғы 14 баптан тұрады, соның ішіндегі 1-бап бойынша аталмыш қоғамдық бірлестік облыс аумағындағы меншік түріне қарамастан әр түрлі білім және ғылым мекемелерінде, білім және ғылымды басқару органдарында жұмыс атқаратын, кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын кәсіподақ мүшелерін ерікті негізде біріктіретін қоғамдық ұйым болып табылады.

Басқосуға қатысушылар қоғамдық бірлестіктің жарғысы жайында пікір алмасты. Жиын барысында Марат Даупаевқа «Қазбат» жауынгерлік іс-қимылдар және бітімгершілік операциялар» ардагерлерінің одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің шешімімен «Қазақстан патриоты» медалі табыс етілді. Оны салтанатты жағдайда табыстаған облыстық Ауғанстан ардагерлері одағы қоғамдық бірлестігінің өкілі О. Пиманов, бұл марапат М. Даупаевқа ұрпаққа әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге белсене қатысқан еңбегі үшін беріліп отыр.

www.zhaikpress.kz

Гүлнар  ШӘҢГЕРЕЙ

Суретті түсірген: Рафхат  ХАЛЕЛ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале