2.06.2015, 16:58
Оқылды: 16

Жарқын елдің дидары – балалардың мейрамы

Karatobe balalar kyni   Балаларға арналған мерекелік шарада Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров сөз сөйлеп, балғындарды мерекелерімен құттықтап, еліміздің ертеңі бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ тіледі.

Балғындар бір кезек «Ергегілер еліне» саяхат жасап, мәз-мейрам болысып, жұмбақ шешу, «Кім епті?» сайыстары оздырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

Әзілкештер мен сайқымазақтар тәттілер мен ойыншықтарды балғындарға тарту етіп, шаттық сыйлады.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале